"Ажырасам". Жұлдыздың отбасылық фотосы жұртты таңқалдырды

29 Желтоқсан 2023, 18:30
55520
Бөлісу:
"Ажырасам". Жұлдыздың отбасылық фотосы жұртты таңқалдырды
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде фото жариялап, халық талқысына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрамыз. Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз. Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай. “Әлем ханымы” атағын әкелген ай, “Сезін” кітабының тұсауын кескен ай, “Махаббат мұнарасы” қойылымының премьерасы болған ай, “Ажырасам” фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы “Қара шекпен” әфсанасының премьерасы болған ай. Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын, - деп жазды Жұлдыз.

Посттың астына пікір жазушылар әнші Қайрат Нұртасты іздеп, "балалардың әкесі қайда?" деп сұрақтың астына алды.

"Фотолар керемет, әкесі неге балаларымен бірге емес?", "Жұлдыз ханым енді 10 жыл Қайрат ағамызды көрсетпейді, өмір алма кезек деген осы...", "Қайрат қайда?", "Отағасы қайда, тойда ма?" деп жазып жатыр адамдар. 

Өзгелердің жаңалығы