Ажар Ғиният: Постпандемиялық профилактикалық тексерулер жүргіземіз

10 Қазан 2022, 13:18
1262
Бөлісу:
Ажар Ғиният: Постпандемиялық профилактикалық тексерулер жүргіземіз

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендеді. Соған байланысты, ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізілуде. Жыныстық-жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын скринингтеу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Яғни олар: туғаннан 18 жасқа дейіі «Балалар»; 18 жастан 29 жасқа дейін «Жастар», 30 жастан 44 жасқа дейін «Еңбек-1»; 45 жастан 65 жасқа дейін «Еңбек-2» және  66 жастан асқандар - «Зейнеткер», - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, 15 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Аршалы ауданының және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық орталық ауруханаларында пилоттық жоба жүргізілуде. 

20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілетін болады. Профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған. Асқазан-ішек жолдарының ауруларын, 18 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы адамдарға арналған несеп бөлу жүйесін, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға арналған тыныс алу ағзаларының ауруларын және қуықасты безінің обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді, - деді министр. 

Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар үшін 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жас аралығындағы зертханалық зерттеулердің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілген. 

Қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде тең тегін қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайлар жасалған:

- дәрілік заттар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай тізбесі бойынша қамтамасыз етіледі;

- ауылдық жерлерде дәрігер болмаған жағдайда фельдшер тегін рецепт жазып беруге құқылы;

дәріхана жоқ ауылдық елдімекендерде дәрілік заттарды медицина қызметкері медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пункттері арқылы тегін жібереді.

Өзгелердің жаңалығы