Әзербайжан президенті Қазақстанға ризашылығын айтты

10 Сәуір 2023, 16:18
654
Бөлісу:
Әзербайжан президенті Қазақстанға ризашылығын айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Сөз басында Әзербайжан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Әзербайжанға барған сапары туралы айтты.

Бұған дейін біз қабылдаған шешімдер жүзеге асырылып жатыр. Менің ресми сапарым аясындағы қабылданған шешімдер де жүзеге асатынына сенемін, – деді Әлиев.

Сонымен қатар Ильхам Әлиев өз атынан және Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

Гейдар Әлиевті еске алып, Қазақстан астанасының орталық көшелерінің біріне оның есімін бергені үшін, әкемнің рухына тағзым еткені үшін өз атымнан және бүкіл Әзербайжан халқының атынан тағы да алғысымды білдіремін. Онымен қоса Қарабахта Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығын салу туралы шешімдеріңіз үшін де ризашылығымды білдіремін. Құрылыс қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр және осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді осы орталықтың ашылуына шақырғым келеді, – деді Ильхам Әлиев.

Өзгелердің жаңалығы