Азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың коммуникациялары бойынша семинар басталды

25 Ақпан 2022, 10:25
1181
Бөлісу:
Азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың коммуникациялары бойынша семинар басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

24 ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиеваның және өңірлік қоғамдық ұйым жетекшілерінің қатысуымен "Жаңа Қазақстан жағдайындағы азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың коммуникациялары" тақырыбында республикалық семинар-тренинг басталды.

Үкіметтік емес сектордың орасан зор қоғамдық әлеуеті бар, оның зияткерлік күші мен энергетикасын қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде – әлеуметтік дамудың игілігіне айналдыру қаже", - деп атап өтті министр Асқар Умаров қатысушыларға арналған өз сөзінде. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, олардың 17 мыңға жуығы белсенді жұмыс істейді. 

Семинардың басты мақсаты – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл форматын зерделеу. Екі күндік тренинг аясында Азаматтық Альянстың өңірлік өкілдері дағдарысқа қарсы ақпараттық басқару құралдарын, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын және әлеуметтік медиадағы стратегиялық коммуникацияларды талқылайды.

Ең бастысы – мемлекеттік жүйе ашық, әділ болуы тиіс және бірінші кезекте адамға бағдарлануы тиіс, - деді Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Жаңа Қазақстан жағдайында азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың коммуникацияның өзекті мәселелері бойынша семинар-тренингтің жұмысы ертең жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы