Азаматтық сектор халықты қоғамдық талқылауға тарту бойынша маңызды рөлге ие — Білісбеков

20 Наурыз 2022, 16:05
2464
Бөлісу:
Азаматтық сектор халықты қоғамдық талқылауға тарту бойынша маңызды рөлге ие —  Білісбеков

Шымкент қаласы, BAQ. KZ тілшісі. Азаматтық сектор ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды қоғамдық талқылауға бұқараны қатыстыра алатын маңызды рөлге ие. Яғни азаматтық сектордың жұмысы қоғамдық пікірді зерделеумен ғана шектелмейді.

 «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» ҚБ төрағасы Жұмағали Білісбеков президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде пікір білдірді. 

Оның сөзінше, президент Қазақстан халқына жолдауында елеулі өзгерістерге бастайтын бірқатар маңызды ұсыныстар айтып, тапсырма берді.

Мемлекет басшысы жолдауында азаматтық сектордың елді жаңарту процессіне қосар үлесіне назар аударды. Осы жылдар ішінде еліміз дамуға, процесстерді демократияландыруда озық болуға ұмтылды. Әйткенмен нақты ілгерілеу бола қоймады. Сайлау процессін дауысты тәуелсіз санауға көшіру өте маңызды. Бұл бағытта Сайлаушылардың бірыңғай электронды деректер базасын құру — сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудің бастауы. Сондай-ақ, дауыс берудің баламалы түрлерін кезең-кезеңімен кеңейтуді ендізу біздің қоғамға таңдау құндылығын, әрбір дауыс құндылығын және еліміздің әрбір азаматы сайлау процесіне қатысуының маңызды екенін түсінуіне алып келеді, сол арқылы олардың таңдау құқығы мен мемлекетіміздің, халқының болашағын анықтауға қатысу құқын айқындайды, — дейді Жұмағали Білісбеков. 

Жұмағали Білісбековтің айтуынша, президент жолдауында азаматтық сектордың маңызы зор екеніне мән берген. 

Президент жолдауындағы маңызды қоғамның азаматтық қоғам институттары жеткізген пікірлерін ескере отырып қосқанын бөлек атап өтті. Бұл процессте азаматтық сектор қоғамдық пікірді зерделеуде ғана емес, сондай-ақ жалпы барлық ұлттық жоба мен стратегиялық құжаттарды сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен болатын қоғамдық талқылауға бұқараны тарту бойынша да маңызды рөлге ие. Бұл тұрғыда Ұлттық құрылтай құру идеясының орны ерекше. Ұлттық құрылтайдың рөлі — билік пен халық арасында дәнекер болу. Президентіміз Қаңтар оқиғаларынан кейін ұстанған бағытының орнықтылығын іс-әрекетімен дәлелдеп отыр, — деді ол.

Жұмағали Білісбековтің сөзінше, президент жолдауда президент құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсталған адамдарды тергеу кезінде азаптағаны үшін жазаланатынына мән берген.

Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қаңтар оқиғаларына қатысқан адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданып, азаптағаны туралы фактілер болғанын ашық айтты. Мемлекет басшысы бәрін әділ болуға, әр азаматты жағдайға түсінушілікпен қарауға, алайда тұлғалардың қылмыстық іс-әрекеттері жазасыз қалмайтынын ұмытпауға шақырды, — деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы