Азаматтық авиация саласындағы бастамалар талқыланды

30 Қыркүйек 2023, 02:18
681
Бөлісу:
Азаматтық авиация саласындағы бастамалар талқыланды
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиация комитеті төрағасының ИАТА өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

2023 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Түркия, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) аймақтық менеджері Фунда Чалышыр ханыммен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында Чалышыр ханым ИАТА Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы барлық бастамаларын қолдайтынын хабарлады. Сондай-ақ, кездесуде ИАТА-ның Орталық Азия елдері бойынша жаңа менеджері Ризван Сиддики мырза таныстырылды. 

Сиддики мырзаның Қазақстан Республикасында 26 жыл бойы "Эйр Астана", "Etihad Airways" және "KLM" сияқты шетелдік және қазақстандық әуе компанияларының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі бар. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы