"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті өкілдері Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Ұсталған адам Семейдің уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.