«Азаматтарға арналған үкімет» 5 жылда 150 млн-нан астам қызмет көрсетті

8 Шілде 2021, 14:48
2024
Бөлісу:
«Азаматтарға арналған үкімет» 5 жылда 150 млн-нан астам қызмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Әділ Қожихов корпорацияның бес жылда атқарған жұмыстар туралы айтып берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» - Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуші бірыңғай мекеме. Төрт түрлі мекемені қосудан пайда болған корпорацияға биыл 5 жыл толып отыр.

Айта кетейік, 2016 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инстуционалды реформаны жүзуге асыру туралы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау мақсатында құрылды.

Көпшілік бізді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жауапты мекеме ретінде біледі. Дегенмен одан бөлек, жер кадастрі, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны есептеу, заңды тұлғаларды тіркеу сияқты бағыттары да бар. Корпорация мемлекеттік реестрдегі 659 қызмет түрін көрсетеді, - деді ол. 

Әділ Қожиховтың айтуынша, 5 жыл ішінде қазақстандықтарға 150 млн-нан астам қызмет көрсетіп үлгерді.

Мемлекеттік корпорация құрамында 20 мың маман жұмыс істейді. Еліміз бойынша облыстар мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында барлығы 17 филиал бар. Ауыл, аудандарды қамтитын 339 Халыққа қызмет көрсету орталығы жылжымайтын мүлік пен жер кадастрі, әлеуметтік төлемдер бойынша барлығы 442 офис бар, - деп түсіндірді басқарма төрағасы. 


 

Өзгелердің жаңалығы