Азаматтарды онлайн қабылдау тұрақты негізде өткізіледі – Көлгінов

1 Мамыр 2020, 05:23
1566
Бөлісу:
Азаматтарды онлайн қабылдау тұрақты негізде өткізіледі – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов карантин режимі енгізілгенін ескере отырып, азаматтарды онлайн қабылдап жатқанын айтты.

Осы аптада екі күн онлайн қабылдау өткіздік. Азаматтар тұрғын үй мәселелерін, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу секілді мәселелерді көтерді, – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ елорда әкімі қала тұрғындарына мемлекет тарапынан 42 500 теңге көлемінде және Nur Otan тарапынан 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп жатқанын айтты. 
Мемлекет басшылығы әлеуметтік шараларға әрдайым көңіл бөліп келеді. 30 сәуірдегі деректерге сәйкес елордада 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 284 мыңнан астам адам алды. Бұл 12 миллиард теңгеден астам қаражат. Nur Otan партиясынан бірінші кезең аясында қалада 14,5 мың тұрғын 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Екінші кезең бойынша төлемдер беру басталды. Шамамен 1,4 млрд.теңге көлемінде 28 мыңнан астам тұрғынға материалдық көмек көрсетіледі. Халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асып жатыр. Азаматтарды онлайн форматта қабылдау тұрақты негізде өткізіледі. Бірқатар мәселелер қабылдау барысында шешілсе, қалғаны жоспарға алынды, – деді Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы