Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша алқа отырысы өтті

21 Қазан 2022, 10:18
1692
Бөлісу:
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша алқа отырысы өтті

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері Бас әскери прокуратураның Алқасында әскери ведомстволардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алқа барысында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды сапалы әскерге шақыру контингентімен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Әскери басқару органдары әскерге шақырылушылар үшін жалпы талаптарды және армия қызметінің тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуді жоспарлап отыр.

Әскерге шақыруды ұйымдастыру атқарушы органдарға жүктелгенін ескере отырып, облыстар мен қалалардың әкімдіктері әскерге шақыру жұмысының тиісті жағдайларын және медициналық комиссиялардың қажетті жасақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайтын болады, - делінген ақпаратта.

Бас әскери прокурор Дастан Секенов мемлекеттік органдардың ақпараттық өрістегі, оның ішінде жастарды көбірек қамту үшін әлеуметтік желілердегі түсіндіру қызметін жандандыру қажеттігін атап өтті.

Соңында алқа мүшелерінің шешімімен азаматтарды мерзімді қызметке шақыру барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша басқа да міндеттер айқындалды.

Өзгелердің жаңалығы