Азамат Данияр «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарына қатысты өзекті мәселені көтерді

6 Желтоқсан 2021, 18:19
1384
Бөлісу:
Азамат Данияр «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарына қатысты өзекті мәселені көтерді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 17-ші еңбек маусымының республикалық жабылу салтанатында айтты. 

Республикалық штаб басшысы жекелеген жұмыс түрлерінің тізбесін бекітіп, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының әрқайсысын жеке киім формасымен қамтамасыз етуді ұсынды.

Олардың жұмысының негізгі бағыттары абаттандыру және көгалдандыру. Дегенмен, олар тұрақты түрде басқа да жұмыс түрлеріне тартылады. Мысалы, бордюрлерді сырлау, жолдарды тазалау бар. Мұндай жұмыстарға негізінен әкімдіктер жауапты.Бұл сұрақты қайта қарастыру қажет, себебі аталмыш мәселе олардың жұмысының сапасының нашарлауына және тікелей «Жасыл ел» қызметі аясында атқарып жатқан жұмыс көлемін әділ бағалауға кері әсерін тигізеді, - деді Азамат Данияр.

Ол биылғы жылы киім формалар санының 13 505 болғанын және бұл санның сарбаздар санынан 2 есе аз екенін атап өтті. 

Азамат Даниярдың айтуынша, бір киімнің сарбаздарға бірнеше маусымға берілетінін, сондай-ақ бұл орайда қаржының үнемделуін көрсетеді.

Көптеген өңірлерде киімдер бірнеше мәрте беріледі, яғни бір маусымда бірнеше рет. Тағы бір өңірлерде сарбаздарға толық киім комплектері берілмейді және киімдер келесі жылға қалады. Сондықтан әр сарбазды жеке киім формасымен қамтамасыз ету үшін бюджеттің бастапқыда есептелгені маңызды. Сонымен қатар киімдердің құрамдас бөліктерін қайта қарау қажет. Форма бас киім, жейде және стандартты өлшемдегі күртешеден тұруы қажет деп ойлаймыз, - деп түйіндеді сөзін «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр.
Өзгелердің жаңалығы