Қазақстанның 3 облысында дабылды ескерту жарияланды

26 Маусым 2020, 15:55
963
Бөлісу:
Қазақстанның 3 облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыс пен 1 қала тұрғындарына дабылды ескерту жасады.

27 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с. 27 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. 27 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршак жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 27 маусымда найзағай, дауыл болады. Тәулік бойы 27 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетпек.
Өзгелердің жаңалығы