Қазақстандық зілтемірші жеңіс тұғырынан көрінді

3 Қараша 2019, 15:43
1540
Бөлісу:
Қазақстандық зілтемірші жеңіс тұғырынан көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

71 келі салмақа сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117).

Күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола медальді израильдік Марина Оман (175 келі) иеленген.

Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы