Қазақстандық жасөспірім ел намысын халықаралық байқауда қорғайды

10 Қазан 2020, 17:26
1702
Бөлісу:
Қазақстандық жасөспірім ел намысын халықаралық байқауда қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауына ұлттық іріктеудің финалын өткізді. Жеңімпаз 12 жастағы талантты әнші Қарақат Башанова атанды. Енді ол біздің еліміздің намысын ең жоғары халықаралық деңгейде қорғауы керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebook-тегі парақшасында жазды. 

Қарақат өте дарынды қыз. Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде скрипка сыныбы бойынша білім алады, пианинода ойнайды, вокалмен айналысады. Ол басқа елдердің финалистері үшін маңызды қарсылас болатынына сенімдімін. Жақында біздің Қарақаттың қатысуымен бейнебаян шықты. Менің ойымша, бұл өте шынайы және эмоционалды туынды. Әннің өзі, бейнебаянның идеясы, оны жүзеге асыру және оның керемет орындалуы шынайы рахат сыйлайды. Мен барлығына осы керемет туындыны тамашалауға шақырамын, - деді ол. 

Министр атап өткендей, эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жылы байқау тарихында алғаш рет балалар Евровидениесінің финалы 29 қарашада онлайн форматта өтеді. 

Әлемнің 13 елінен келген 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер беделді байқауда жеңіске жету үшін бақ сынайды. Жас әншімізге үлкен табыс пен жаңа биіктерге жетуді тілеймін. Күнделікті еңбек, табандылық пен ерік күшіне негізделген талант тиісті керемет нәтиже береді деп сенеміз, - деп жазды Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы