Қазақстандық жұлдыздар жаңа флешмобты іске қосты

1 Тамыз 2019, 23:39
1759
Бөлісу:
Қазақстандық жұлдыздар жаңа флешмобты іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желіде жаңа флешмобты іске қосты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде отандық шоу-бизнес өкілдері мен танымал спортшылар Армиялық халықаралық ойындарға атсалысқан қазақстандық әскери қызметшілерге қолдау білдіру мақсатында қысқа бейнеүндеулерін орналастыра бастады.

Қазақстандық әскерилерге танымал әншілер Нұрлан Абдуллин,Ерлан Көкеев, Қайрат Баекенов, Жұлдыз Уәлихан, шоумен Нұрдәулет Шертім, актер Аян Өтепберген, шығармашылық дуэт Құралай мен Мирас, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова және Бақтияр Артаев өздерінің бейнеүндеулерін арнады.

"Қайырлы күн! Биыл Армиялық халықаралық әскери ойындарына 34 мемлекет қатысып жатыр екен. Қазақтың айбынды жігіттері – Қарулы Күштерінің жігіттеріне сәттілік тілегім келеді. Көк байрағымызды желбірете беріңіздер!», - деді өзінің Instagram парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.

Армиялық халықаралық ойындар 3 тамызда басталатынын естеріңізге сала кетейік. Қазақстан армиясы 8 мемлекеттің аумағындағы 16 байқауға қатысады. Командалар өткізілу орындарында және алдағы жарысқа дайындалуда.

Ойындардың өткізілу тарихында еліміз қатысушы елдердің көшбасшыларының үштігіне еніп үлгерді. Биылғы жылы АрХО-2019 ауқымды іс-шара және оған алыс шетелдегі 30-дан астам елдің 6 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысады.

Өзгелердің жаңалығы