Қазақстандықтар Ресей мен Қырғызстанға енді паспортпен барады

13 Наурыз 2020, 19:07
3125
Бөлісу:
Қазақстандықтар Ресей мен Қырғызстанға енді паспортпен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СOVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз  мемлекеттік шекарасын өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады, - делінген ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы