Қазақстандық спортшы семсерлесуден халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

6 Қыркүйек 2019, 03:15
1385
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы семсерлесуден халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте семсерлесуден «сателлит» сериясындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық Темірлан Қалиев рапирадан үздіктер қатарына енді, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Темірлан турнирдің жартылай финалында түркиялық Мартино Минутоға есе жіберді. Түркиялық спортшы жарыс жеңімпазы атанса, ресейлік Иван Трошин күміс жүлдеге қол жеткізді. Сингапурлік Кевин Чан да қола жүлдегер атанды. 

«Сателлит» дәрежесі жөнінен әлем кубогі кезеңдерінен кейінгі орында тұрған жарыс. Аталған турнирде рейтингілік ұпайлар таратылады. 

Өзгелердің жаңалығы