Қазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогінің ширек финалына өтті

29 Қараша 2019, 18:16
2483
Бөлісу:
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогінің ширек финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарыстың алғашқы күнінде бірнеше қашықтық бойынша іріктеу кезеңдері өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1500 метрге жарысқан қыздар арасында Ольга Тихонова ширек финалға өтті. Ол өз тобында мәреге екінші болып келді.

500 метрге жарысқан ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев келесі кезеңге жолдама алды. Нұрберген аталған қашықтықты 42.374 секундта жүгіріп өткен. Осы қашықтықта сынға түскен Абзал Әжіғалиев пен Әділ Ғалиахметовтер ертең өтетін жұбаныш жарысына қатысып, 1/4 айналымға өту үшін тағы да бақ сынайды. 

1000 метрге жарысудан Еркебұлан Шамұханов та ширек финалда. Еркебұлан 1:28.390 секундта жүгіріп өтіп, өз тобында мәреге бірінші болып келді. Осы қашықтықта бақ сынайтын Мерсаид Жақсыбаев пен Абзал Әжіғалиев жұбаныш сынына қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы