Қазақстандық білім кәсіподағы арыстықтарға 5 млн теңге аударады

28 Маусым 2019, 13:57
1314
Бөлісу:
Қазақстандық білім кәсіподағы арыстықтарға 5 млн теңге аударады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған ұйымyың төрайымы Майра Амантаеваның айтуынша, Арыс қаласында ұстаздар кәсіподағының 4600 мүшесі тұрады және жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, ұстаздар кәсіподағының барлық облыстағы ұйымдары да қаржылай көмекті арнайы ашылған есеп-шотқа аударуды бастап кетті.

Айта кету керек, 95 жылдық тарихы бар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы елдегі ең ірі қоғамдық ұйым болып есептеледі. Аталған кәсіподақ құрамында 700 мыңнан астам мүшесі бар.

Өзгелердің жаңалығы