Қазақстанда тіркелген 58 вакцинаның басым көпшілігі Еуропадан жеткізіледі

11 Сәуір 2019, 16:09
2236
Бөлісу:
Қазақстанда тіркелген 58 вакцинаның басым көпшілігі Еуропадан жеткізіледі
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Егер адам екпе қабылдаралдында тұмаумен немесе басқа да аурумен сырқаттанып жүрсе екпе теріс әсер етеді. Бұл туралы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Арнұр Нұртаев Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

Оның айтуынша, елімізге әкелінетін вакциналардың барлығы сапалы әрі тексерістен өтіп отырады.

“Елімізде қазір 58 вакцина тіркелген. Оның ішінде обаға қарсы вакцина ғана өзімізде шығарылады. Еуропадан 30 вакцина, Ресейден- 5, АҚШ-тан 11, Жапониядан біреу жеткізіледі. Бұл вакциналардың сапасы тексерілген, барлық талаптрға сай келеді. Елімізге келген дәрілер кедендік бақылауда болады. Тек біздің мамандардың сараптамалық жұмыстарынан кейін ғана елге кіргізуге рұқсат алады”, - дейді А.Нұртаев.

Мамандарға қазір халық арасында екпе салдырудан бастару жағдайы белең алып келе жатыр, себебі не деген сұрақ қойылды.

“Иә, ондай жағдай болып жатады. Өйткені олар инфекциялық аурудың қандай болатынын көрген жоқ. Сондықтан олар қорықпайды. Егер 1940-1950 жылдардағыдай инфекциялық аурулардың қалай кең таралғанын көрсе екпе салдыруға асығар еді”- дейді профессор Павел Дерявин. 

Еске сала кетейік, бүгін Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өзінің  Сынақ орталығы мен зертханасына пресс-тур өткізіп, зертханаларда вакциналардың қауіпсіздік талаптарына сай тексерілу жұмыстарымен таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы