Қазақстанда құрылыс шығындарына шектеу лимиті қойылды

2 Қазан 2020, 21:12
1731
Бөлісу:
Қазақстанда құрылыс шығындарына шектеу лимиті қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор инвестицияларының қатысуымен құрылыс объектілерінің бағасын көтеру жағдайларын болдырмау мақсатында, жобалау және сараптама кезеңінде шығындардың шектік лимиттерін белгіленді.

Бұл ұсынысты Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен объектілерді салу кезіндегі шығындардытиімді пайдалану мәселелері жөніндегі селекторлық кеңес шеңберінде білдірді. Кеңес ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.

Мемсараптама порталында шығындар лимитін анықтауды автоматтандыру мақсатында(epsd.kz) объект құрылысының шектік құнын есептеуге мүмкіндік беретін онлайн-калькулятор әзірленді.Сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың деректер банкі негізінде ірілендірілген сметалық нормативтер (ІСН) қалыптастырылатын болады, олардың мәні жобаны іске асырудың шектік құны болмақ.


Өзгелердің жаңалығы