«Қазақстан барысында» әскерилер де бақ сынайды

5 Маусым 2019, 14:55
1861
Бөлісу:
«Қазақстан барысында» әскерилер де бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 8 маусымда өтетін «Қазақстан барысы-2019» республикалық турниріне Әскери орталық спорт клубының спортшылары қатысады.

Беделді белдесуде Қарулы күштерді әскери спортшылар – қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әскер барысы-2019» титулының иегері, кіші сержант Талғат Амренов пен самбо бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қазақстан барысы-2018» турнирінің күміс жүлдерегі, ефрейтор Ерасыл Қажыбаев қатысады.

«Қазақстан барысында» әскерилер де бақ сынайды

Жалпы дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген 36 палуан қатысады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы