Қазақфильмде "Қасым хан" тарихи сериалының кастингі жалғасуда

1 Наурыз 2019, 15:53
1957
Бөлісу:
Қазақфильмде  "Қасым хан" тарихи сериалының кастингі жалғасуда

Астана, BAQ.KZ. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингте алматылықтар жоғары белсенділік танытуда. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде  күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам өтініш келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында республикалық кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады", - деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – "Ертұрғыл" сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.  


 

Өзгелердің жаңалығы