Айжамал Сансызбаева ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

26 Шілде 2022, 13:26
1370
Бөлісу:
Айжамал Сансызбаева ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкенттегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні 87 келіден астам қыздар тұғырға шықты.

Ауыр атрлетика федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан өкілі Айжамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

24 шілде күні ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алған еді. Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды.

Сондай-ақ ол бұдан бұрын 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы