Айыппұлды аз төлейтін өңір анықталды

3 Қазан 2023, 16:50
454
Бөлісу:
Айыппұлды аз төлейтін өңір анықталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтеріне сәйкес 5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді. 

Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді. 

Биылғы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% құрады. 

Ең көп айыппұл салынғандар: 

Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді. 

Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді. 

Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген. 

Барлық әкімшілік құқық бұзушылықтың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған. 

Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы