Айыппұл төлей салу оңайырақ. Аймағамбетов қауіпсіздікті сақтамайтын кәсіпорындар жайлы айтты

5 Желтоқсан 2023, 15:57
1331
Бөлісу:
Айыппұл төлей салу оңайырақ. Аймағамбетов қауіпсіздікті сақтамайтын кәсіпорындар жайлы айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша көшпелі отырыста Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек қауіпсіздігін сақтамайтын кәсіпорындар жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан өлімге әкелмейтін травматизм көрсеткіштері бойынша әлемде 15-орында. Бұл барлығымызды ойландыруы керек деп ойлаймын. Қазіргі уақытта кәсіпорынға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуден гөрі айыппұл төлей салу оңайырақ болып тұр. Бұл тіпті монополистерге, олигархтарға ыңғайлы, кейде жауапкершілікке тартылмайтын мүмкіндігі де бар. Еңбек қауіпсіздігінің талаптарын орындамаса, тек ескерту ғана беретін норма заңнамада жазылған. Яғни аз ғана айыппұлдың өзі де жоқ, тек қана ескерту береді. Ол ескертуден ешқандай пайда да болмайды, ешқандай нәтиже де болмайды, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Депутат атап өткендей, осының салдарынан жарақат алып, тіпті қайтыс болып жатқан да азаматтарымыз бар.

Статистика қарасақ, 2022 жылы жазатайым оқиғалардың саны шамамен 300-ге көбейген. Яғни 2 449 оқиға. Бұл өте үлкен көрсеткіш, - дейді мәжілісмен көшпелі отырыста.

Өзгелердің жаңалығы