Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында құтқарушылар ата-анасынан адасып қалған 2019 жылы туған қызды тапты.
ТЖМ мәліметінше, ТЖД қызметкерлері таулы аумақты патрульдеу кезінде жалғыз жүрген баланы байқаған. Осы уақытта қыздың ата-анасы оның жоғалғанын байқап, «112» қызметіне хабарласқан.
Құтқарушылар қызды анасына аман-есен тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болмады.