Айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше – Әшімбаев

2 Мамыр 2022, 11:03
1488
Бөлісу:
Айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – адамзатты қайырымдылық пен мейірімділікке шақыратын, өзара көмек пен жанашырлықты дәріптейтін мейрам. Шын мәнінде, айт кезінде күллі мұсылман қауымы бір-біріне ақжарма тілегін арнауға, айналасына жылу сыйлауға және қамкөңіл жандарға қамқорлық танытуға асығады. Бүкіл әлем аумалы-төкпелі күйге түскен қазіргідей кезеңде мұндай құндылықтардың маңызы зор. Сондықтан айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше.

Сіздерді қасиетті мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Отыз күн бойы ауыз бекітіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Айттан айтқа аман-есен жете берейік.

Ораза айт құтты болсын! – деді Сенат төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы