Айт күндері Алматы мешіттерінде балаларға арналған мерекелік шаралар өтеді

7 Шілде 2022, 13:00
1648
Бөлісу:
Айт күндері Алматы мешіттерінде балаларға арналған мерекелік шаралар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби Айт күндері барлық мешітте Балалар жылына орай мерекеліс іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты.

Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында Айт күндері қаладағы барлық мешітте тәттілер мен сыйлықтар үлестіріледі. Одан бөлек, мешіт ауласына шатырлар құрылып, кигізүйлер тігіліп, ақсақалдар мен үлкен кісілерге айттық дастархан жайылады, – деді бас имам.

Сондай-ақ бұл күндері қала әкімінің қолдауымен Алматының орталық мешітімен өзге мешіттерде ұлттық ойындардан спартакиада өтеді. Мұның барлығы халықтың Құрбан айтты мереке ретінде сезініп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Оспан Төлеби биылғы Құрбан айт жаз мезгіліне сай келгендіктен тазалық мәселесіне үлкен көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Бірінші кезекте арнайы құрбандық шалуға бекітілген орындардағы тазалық шаралары, мал сою мен етті таратуда оны сасытып алмау мәселесі тұр. Бұдан өзге көпқабатты үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын алаңда және басқа да қоғамдық орында құрбандық малын союға болмайды. Бұл заңға да, тазалық шараларына да қайшы келеді. Баршаңызды арнайы белгіленген орында құрбандық шалуға шақырамын. Қала тазалығы сіз бен біздің қолымызда, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы