Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды

19 Қараша 2020, 09:48
2124
Бөлісу:
Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні бағындырып, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды. Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орыннан көрінді. 

Ол жігіттер арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді.  Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.


Өзгелердің жаңалығы