«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады

25 Мамыр 2022, 21:05
2659
Бөлісу:
«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады

Алматы, BAQ.KZ. 8 - маусым күні Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі  өнер театрының сахнасында М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясының премьерасы өтеді. 

Режиссері Жұлдызбек Жұманбай. М. Әуезовтің 1956 жылы жазылған «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясының екінші нұсқасына негізделген қойылымда ұлттық ойындар мен хореография спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтайды.  

Сонымен қатар қойылымда көпшілік сахналары мен халық әндері  дәстүрлі өнеріміздің айқын көріністерінен сыр шертеді. Бүгінгі ұлттық рухымыздың қайта жаңғыруы тұсында көркемдік сипаты халықтың салт-дәстүр бояуымен әрленген қойылым жанр талабына сай жеңіл әзіл, махаббат шиелінісін, кейіпкерлер мінездерін, жеңіл музыкалық әуенмен оқиғалар байланысын көрсетеді. 

Режиссер ұлттық салт-дәстүріміздегі халық әндері, айтыс, ұлттық ойындар, би қимылдарын  қолдану арқылы спектакльге өң береді.
 

Өзгелердің жаңалығы