Аймағамбетов шахталардағы апат пен мектептегі улануға не себеп екенін айтты

8 Қараша 2023, 13:21
671
Бөлісу:
Аймағамбетов шахталардағы апат пен мектептегі улануға не себеп екенін айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бизнес жүргізу туралы заңды талқылау кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау өте маңызды. Онымен келісеміз. Бірақ бізде мемлекеттің және азаматтардың мүддесін қорғау мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауда тепе-теңдік жетіспейді. Мысалы, бірнеше жыл бұрын кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған түзетулер қабылданып, нәтижесінде еңбек инспекциясы тәуекелдерді бағалау жүйесі аясында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру бойынша жүргізетін тексерулер алынып тасталды. Нәтижесінде бізде шахталарда, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін тексеруге мүмкіндік болмай қалды, - деді депутат Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, одан бұрын толық өзін-өзі реттеу механизіміне сеніп, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жеке ұйымдарға беріп, құрылыс сапасына нұқсан келтірілді.

Мектептер мен балабақшалардағы тамақтың сапасын тексеру мәселесі де бар. Жамбыл облысындағы улану да осының айқын көрінісі. Сондықтан осы салада тепе-теңдік жетіспейді. ТЭЦ-терде де мемлекеттік энергоаудит бар. Бүгін оның да қолы байлаулы. Осы тепе-теңдікті қалай табамыз?, – деді Аймағамбетов Мәжілісте.

Мәжіліс депутат улану, ТЭЦ пен шахталардағы апаттар, құрылыс сапасына қатысты проблемалардың туындауы мемлекеттік бақылау мәселесін қайта қарау керектігін көрсетіп отырғанын жеткізді.

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын бірінші оқылымда мақұлдады.

Өзгелердің жаңалығы