Аймағамбетов оқушылардың бойына сіңіретін 3 дағдыны атады

20 Қараша 2022, 18:50
1452
Бөлісу:
Аймағамбетов оқушылардың бойына сіңіретін 3 дағдыны атады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов неліктен дебат қозғалыстарын белсенді түрде дамытып жатқанын түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазір – құбылмалы заман. Сондықтанда білім беру саласы да өзгермей тұрмайды, – деді министр.

Аймағамбетов оқушылардың бойында жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін не істеліп жатқанын атап өтті.

Біріншіден, жастардың саяси-құқытық мәдениетін дамыту бойынша мектептерде «өзін өзі басқару» ұйымдары құрылып жатыр. Білім ордаларында Парламент құрылуда. Оқушылар өздері науқан жасап, идея ұсынуда. Ол балалардың бойында маңызды дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, дебат қозғалыстарын дамытып жатырмыз.Әрине, дебат туралы кейбір әріптестеріміздің пікірі әрқалай. Тіпті, «бұл ойынғой, білім беру саласында ештеңе қалған жоқ па? Оны қайтесіңдер» дейтіндер бар. Бірақ қазіргі уақытта, әсіресе гаджеттер көбейген заманда балалардың сөйлеу  мен сыни қабілетін арттыруға арналған білім технологиясы керек, – деді ведомства басшысы. 

Үшіншіден, кітап мәселесі.

Біз үш жыл бойы үлкен жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл - «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Біз оқушыларды кітап оқуға баулумыз керек. Балаларымызда «кітап оқымайды» дегендей, әртүрлі мәселе болды. Оның ішінде мектеп кітапханаларында туындылар жетіспеді. Екіншіден, мемлекеттік тілде дүниежүзілік әдебиет қол жетімді болмады. Қазіргі таңда жылына 2,5 млн кітап мектепке берілуде, – деді  ол  «Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафон барысында.

Өзгелердің жаңалығы