Аймағамбетов мектептер қашаннан бастап 12 жылдық оқытуға көшетінін айтты

19 Тамыз 2021, 12:04
11059
Бөлісу:
Аймағамбетов мектептер қашаннан бастап 12 жылдық оқытуға көшетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.

2024 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі қарастырылып жатыр. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша математика, тілдер, информатика сияқты басым пәндерге ерекше назар аударылады. Оқулықтардың альтернативтілігі қамтамасыз етіледі. Ол бойынша біз қазір заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр 1-11-сынып оқушыларына оқулық таңдау мәселесін педагогтар өздері жүзеге асыру керегін айтты.

Бүгінгі таңда бірыңғай оқулықтар бар. Ол гимназия, лицей және жалпы мектептерге бірдей қолданылды. Бұл норма бойынша педагогтар қажеттілікті анықтайды. Бірыңғай оқулықтар Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәнінде сақталады, - деді ол.

Аймағамбетовтың айтуынша, мектептерде цифрлық технологиялар әрі қарай жұмыста пайдаланылады.

Барлық мектепте цифрлық платформалар қолданылады. Олар қолжетімді болады. Цифрлық платформаларда түсірілген сабақтарды оқу процесіне енгізген өте пайдалы, - деді министр.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіліп, педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жүйесі өзгеретінін айтқан еді. Сондай-ақ, «Алтын белгі» үміткерлері үшін талаптар күшейтіледіМектеп директорларының жалақасы педагогтердікінен аз болатын жағдайлар да бар екенін айтып, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу енгізілетінін де атып өткен еді.
Өзгелердің жаңалығы