Мектеп директорларының жалақысы педагогтердікінен аз болатын жағдайлар бар – министр

19 Тамыз 2021, 11:43
6654
Бөлісу:
Мектеп директорларының  жалақысы педагогтердікінен аз болатын жағдайлар бар – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.

Мектеп жетекшілерінің жалақысына қатысты да мәселелер бар екенін білеміз. Қазіргі еңбекақылардың деңгейінде бәсекеге қабілетті мамандар мектеп басшылығына келгісі келмейді. Жалпы үздік педагогтер мектеп директорлығына, орынбасарлығы мен педагогтыққа келгілері келмейді. Кейде мектеп директорларының жалақысы педагогтардың алатын жалақысынан аз болатын жағдайлар бар,- деді Аймағамбетов.

Министр атап өткендей, БҒМ мектеп директорларының еңбекақысы жүйесіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдайды.

Сондай-ақ білім беру нысандарының әртүрлі жүйелерін әртараптандыру да ескеріледі. Мысалы, 40 бала мен 200, 2000 баласы бар мектеп директорларының жалақылары бірдей болады. Ал бала санына қатысты жүктеме әртүрлі. Жауапкершілік те өзгереді. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі осы орайда қажетті шешім қабылдайды, - деді Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіліп, педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жүйесі өзгеретінін айтқан еді. Сондай-ақ «Алтын белгі» үміткерлері үшін талаптар күшейтіледі.
Өзгелердің жаңалығы