Айка тізімі: Қызмет көрсеткен қыздар мен клиенттер жауапқа тартыла ма

22 Мамыр 2024, 12:04
685
Бөлісу:
Айка тізімі: Қызмет көрсеткен қыздар мен клиенттер жауапқа тартыла ма
Фото: Арман Мухатов - архив

"Айка тізіміндегі" қыздар әкімшілік жауапқа тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Айка тізімі" бойынша сот шешімі шықты. Қызмет көрсеткен қыздар да жауапқа тартыла ма? Ал осы қызметті алған клиенттерді де жауапқа тартуды қолдайсыз ба? – деп сұрады журналистер Мәжілістің кулуарында.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Интимдік қызмет көрсеткен қыздар әкімшілік жауапқа тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі. Сондықтан мұндай жағдайларда әрқайсысына жаза жеке қарастырылады, - деп түсіндірді ол.

Вице-министр қызметті алған клиенттерді жазалау керегін қолдайтынын айтты. 

Кеше жеңгетайлықпен айналысқандарға сот үкімі шыққан болатын. Айыпталушылардың бірі 6,5 жылға, ал екіншісі 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, 2023 жылдың 6 маусымында Алматыда жезөкшелікпен айналысқан топтың жетекшілері ұсталды. Олар Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырған көрінеді.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов "Айка" тізімі қалай жарияланып кеткенін айтып берген еді. Сондай-ақ Антикор да "Айка тізімі" бойынша істі тергеп жатқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы