Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі: Үкімет осы жылдың соңына дейін шешім қабылдайды - Тоғжанов

17 Мамыр 2022, 13:08
1603
Бөлісу:
Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі: Үкімет осы жылдың соңына дейін шешім қабылдайды - Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер мен ерлердің зейнет жасын  қысқарту мәселесі Үкіметтің қарауында.Бұл туарлы бүгін Үкімет кулуарында ҚР Премьер-министрінің орыбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Соңғы уақытта қоғамда әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі қызу талқыланып жүр. 

Тоғжановтың айтуынша, әлеуметтік кодекс биыл жылдың аяғына дейін қабылданады.

Қазір заң аясында бұл сұрақтар талқыланып жатыр. Осы жылдың аяғына дейін жоспарлап отырмыз, -деп жауап берді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Тоғжанов бұл мәселе бойынша:

Шынымды айтсам, бұл қиын сұрақ. Бұл жерде біз  халықаралық тәжірибені ескереміз.  Жалпы алғанда халықаралық тәжірибені алып қарасақ, зейнет жасы төмендемеген. Қазір сіз айтып отырған мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да  көтеруде.  Сондықтан біз жыл соңына дейін әлеуметтік кодексте барынша талқыға саламыз, - деген болатын Үкімет кулуарында ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары бұл мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да көтеріп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы