Әйелдер жасаған жемқорлық артты. Былтыр кімдер сотталды?

5 Ақпан 2021, 12:52
2845
Бөлісу:
Әйелдер жасаған жемқорлық артты. Былтыр кімдер сотталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Өткен жылы әйелдер жасаған жемқорлық деректер көбейген. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, қазақстандық әйелдер білім беру мен медициналық қолжетімділік бойынша теңдікке жеткен. 2020 жылдың 12 айында Антикордың өндірістік қарауында 366 әйелге қатысты 264 іс болды, - деді ол. 

Бекайдаров атап өткендей, былтыр 228 бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Жемқорлық бойынша 141 әйел жауапқа тартылды. Оның ішінде бас бостандығынан айырылғандар – 47, шектеу шаралары - 30, айыппұл салынғандар саны 64 әйелді құрады, - деді ол. 

Бекайдаров Атырау облысы әкімі экс-орынбасарының ісі аяқталғанын айтты. 

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова мен облыстық Білім басқармасының басшысы Кенжеғалиева мен оның орынбасары, Тілендиев атындағы шағын өнер академиясының бас есепшісі Мәжитова, Білім беру басқармасының Медициналық орталықтың жетекшісі Кабикенова, бас есепші Иманғазиева мен пансионаттың бас есепшісі Жәлелова, есепшінің көмекшісі Забенова 180 млн теңге пара алғаны үшін және тауар жеткізу бойынша ірі сомада заңсыз қаржы алғаны үшін айыпталды. Оларды тергеу аяқталды. 2020 жылы аталған тұлғалар кінәлі деп танылды. Сайлауова 2 жылға, Кенжеғалиева 2 жылға, Қабдулова 4 жылға, Мәжитова мен Қабикенова 4 жылға, Иманғалиева, Жәлелова мен Забенова 4 жылға сотталды, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы