Әйелдер сүтті тұтынуды шектеуі керек: Неге?

11 Қараша 2024, 16:47
1927
Бөлісу:
Әйелдер сүтті тұтынуды шектеуі керек: Неге?
Фото: pixabay.com

Швецияның ең көне университетінің ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, сиыр сүтін күнделікті тұтыну жүректің ишемиялық ауруы мен миокард инфарктісінің қаупін арттыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда, сарапшылардың пікірінше, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі ер адамға қарағанда әйелдерге көбірек әсер етеді. Зерттеуге 101 мың адам қатысқан.

Тәжірибе барысында күнделікті 400 мл сүт ішу жүректің ишемиялық ауруы қаупінің 5%-ға артуымен байланысты екені белгілі болды.

The Mirror басылымының хабарлауынша, әйелдерде ауру қаупі ішілген сүт мөлшеріне тікелей байланысты екен.

Мысалы, күніне 600 мл сүт ішкендердің жүрекке байланысты проблемалары 12%-ға, ал 800 мл ішкендердің 21%-ға артқан.

Сарапшылар диетадағы сүтті йогуртпен және басқа ашытылған сүт өнімдерімен алмастыруды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы