Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді

12 Желтоқсан 2022, 12:01
1038
Бөлісу:
Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді

Бұл туралы Ішкі істер Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ж. Қаратайұлы  кезекті брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ІІМ-де әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Айта кетер болсам қызметкерлер өз кезегінде өтініштерді қабылдау, жәбірленушілерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ дағдарыс орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс істейді»,- деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ж. Қаратайұлы  

Сонымен қатар барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылған, олардың құрамына 280 әйел-тергеуші бар екенін және құрамның маңыздылығын айтып өтті.

«Әйел тергеушілердің қылмыстық істерді тергеуі сенім факторын қолдануға және тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді»- деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы