Бұл туралы Ішкі істер Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ж. Қаратайұлы кезекті брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«ІІМ-де әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Айта кетер болсам қызметкерлер өз кезегінде өтініштерді қабылдау, жәбірленушілерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ дағдарыс орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс істейді»,- деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ж. Қаратайұлы
Сонымен қатар барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылған, олардың құрамына 280 әйел-тергеуші бар екенін және құрамның маңыздылығын айтып өтті.
«Әйел тергеушілердің қылмыстық істерді тергеуі сенім факторын қолдануға және тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді»- деді спикер.