Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы республикалық конференция өтіп жатыр.
Ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина атағандай, көп әйел бизнеске жақын екенін айтты.
Олар үй шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға бірдей үлгеріп жүр. Барлық экологиялық таза өнім ауылда өндіріледі. Ауыл отбасының жүрегі болса, ауылдың жүрегі де әйел болып есептеледі. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ауыл әйелдерінің қосып отырған үлесі өте мол, - деді ол.
Айсина әйелдерге арналған мемлекеттік бағдарламалар бар екенін де айтты.
Олар жоғары жақтан басталып, төменге қарай жүреді. Ал бұл бастама төменнен басталады. Сондықтан ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру үшін мүмкіндік беріліп жатыр. Олар қоғамдық өмірге белсенді қатысып жатыр, - деді ол.Өз кезегінде ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова ауылдық жердегі әйелдерге бизнеске деген құлшынысын жүзеге асыруға мүмкіндік беріліп жатқанын айтты.
Биыл төртінші жыл қатарынан Ауыл әйелдерінің форумы өтеді. Пандемия кезінде көп іс-шара онлайн өтті. Алайда «ауылдық жерде бизнес ашам» деген әйелдерге жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсетілді, - деді Рамазанова.Депутат медицина, қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүрген әйелдердің 70 пайызы әйелдер екенін айтты.
Ауылдық жерлердегі халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасын көтеру-мемлекеттің басты мақсаты, - деді Рамазанова.
Биыл үздік бизнес-идея байқауында жеңіске жеткен жас кәсіпкер әйелдерге өз бизнесін жүзеге асыруға 16 грант бөлінеді. Өткен жылы жоба аясында жұмысын бастаған «Қосалқы ауыл шаруашылығы» онлайн мектебі бизнестің 9 түрі бойынша оқыту модульдерін ұсына отырып, өз қызметін одан әрі жалғастырады.
Биылғы жылы білім берудің гибридті моделі пайдаланылады: онлайн-оқыту офлайн оқытумен қатар ұсынылады.
Жоба әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған, бұл олардың жұмысқа орналасуына, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Пандемия және жұмыс орындарының қысқаруы жағдайында шағын бизнес әйелдер үшін негізгі табыс көзі саналады, өйткені олардың көпшілігі өз отбасыларының табысын арттыру үшін өз ісін бастауға дайын. Ал оларға керек білім мен қолдауды «Coca-Cola белестері» жобасы тұрақты түрде жыл сайын ұсынып келеді.
«Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» конференциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі қарқынды өсуде.
«Coca-Cola белестері» жобасы күрделі 2020 жылдың қорытындысы бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқытумен қамтудың екі есе, конкурсқа қатысушылар санының 10 есе өскенін көрсетті.
2013 жылдан бастап тренингтерге 35 мың әйел, ал конкурсқа 3,5 мыңнан астам әйел қатысты және 80-нен астам әйел конкурс жеңімпаздары атанды, олардың көмегімен 200-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылды, сонымен қатар ауыл әйелдері өз ісін ашуға гранттар алды.
Өткен жылдан бастап, коронавирус пандемиясына байланысты, жоба шеңберінде оқыту бағдарламаларын іске асырудағы негізгі фокус онлайн құралдарға ауыстырылды.
Бұл өз кезегінде бүкіл Қазақстаннан ниет білдірушілердің көп санын қамтуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жобаның екі білім беру платформасы бар - ccb.kz сайтында «Бизнес негіздеріне» оқыту әлеуметтік желілерде қолдау көрсету және farmerschool.kz сайтында «Жеке қосалқы шаруашылық» жүргізу негіздеріне оқыту.
Бұл бағдарламалар The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен тегін жасалған және қолжетімді. Оқуды сәтті аяқтаған әйелдер үздік бизнес-идея байқауына қатысып, өз бизнесін дамытуға грант ұтып ала алады.
Қатысушылар ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерін, республиканың барлық өңірлерінде «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасымен бірлескен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.