Айбек Досымбетов: Елдегі әрбір сегізінші азамат – ерікті

21 Қазан 2022, 13:08
2180
Бөлісу:
Айбек  Досымбетов: Елдегі әрбір сегізінші азамат – ерікті

Бұл туралы «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Айбек  Досымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін волонтерлік бағытта жұмыс істеп жүрген үкіметтік емес ұйымдар басқосып жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз - бүгінгі таңға дейін атқарылып жатқан ірі жобаларды талқылап, бір-бірімізбен тікелей тәжірибе алмасу. Алдағы уақытта тәжірибемізді толықтырып, бір-біріміздің білімімізді арттыру да маңызды. Біз елімізге волонтерлік істі кеңінен насихаттап, осы бағытты дамытуға үлес қосқымыз келеді, - деді ол «Игі істер тәжібиесіндегі азаматтық белсенділіктің көрсеткіштері» тақырыбында өткен талқылауда.

Оның атап өтуінше, елімізде 600-ге жуық волонтерлікпен айналысатын ұйым бар, тұрақты түрде 160 мыңға жуық ерікті жұмыс істейді.

Негізі еліміздің әрбір 8-ші азаматы волонтерлікпен айналысады. Ерікті болу тұрақты іс емес. Азаматтар кез келген жағдайда еркіті болып қатарымызға қосыла алады, - деді  «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Айбек  Досымбетов. 

Өзгелердің жаңалығы