Автожолдарға әуеден шолу жасалды

8 Желтоқсан 2023, 18:46
620
Бөлісу:
Автожолдарға әуеден шолу жасалды

Павлодар облысының республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарындағы қар басуы ықтимал учаскелеріне әуеден шолу жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасымен, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалымен бірлесіп Павлодар облысының республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарындағы қар басуы ықтимал учаскелеріне әуеден шолу жасады. Автожолдарда қар ұстайтын қалқандарды орнату есебінен қауіпті қарлы учаскелер ретінде есептен шығарылған жерлерді көзбен қарап шықты.

«Павлодар-Ақтоғай-Шолақсор-Екібастұз-Павлодар» және «Павлодар-Тереңкөл-Михайловка-Железинка-Павлодар» бойынша екі бағытта жүргізілді.

Өткен жылдардың қысқы кезеңдерін талдауды ескере отырып, жалпы ұзындығы 452 км болатын 215 қар кесетін учаске анықталды.

Өзгелердің жаңалығы