Нұр-Сұлтанға 150-ден астам көліктен тұратын автоколонна шықты

28 Қаңтар 2020, 13:14
1920
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға 150-ден астам көліктен тұратын автоколонна шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақкөлден Нұр-сұлтанға 150-ден астам көлік құралынан тұратын автоколонна бағытталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Дүлей боранның салдарынан қар құрсауына түскен жүргізушілер мен жолаушылар трассаның ашылуын күтуге мәжбүр болған еді.


Оларға жақын жердегі елді мекендерден баратын жол бойымен тағы 20-ға жуық машина қосылды. 

Колонналар бірнеше топтан тұрады, олардың әрқайсысында 30-35 машинадан бар. Колоннаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар осылайша бірнеше топқа бөлінді. Колоннаны қар тазалайтын техника және полицейлер мен құтқарушылар алып жүреді. 

Тізілген машиналардың негізі жеңіл автокөліктер, сондай-ақ олардың арасында жолаушылар автобустары (оның ішінде шетелдік жолаушылар) бар. Машиналар мен жүк көліктерінің бір бөлігі әзірге Ақкөлде қалдырылды. Себебі, жолда қауіпті жағдай сейілген жоқ, сондықтан олар құтқару көліктері бар болған кезде ғана жолға шығады, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы