Автокөлікті уақытында жөндемеген кәсіпкер сот алдында жауап берді

3 Ақпан 2024, 02:27
566
Бөлісу:
Автокөлікті уақытында жөндемеген кәсіпкер сот алдында жауап берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Талапкер жауапкерден моральдық зиян үшін 500 мың теңге талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы ішінара қанағаттандырылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша жеке кәсіпкерлікке қатысты материалдық залал мен моральдық зиянды өндіру туралы талап қою бойынша іс қаралды.

Былтыр наурыз айында «Hyundai Accent» маркалы автокөлігінің иесі қозғалтқышын жөндеу үшін көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлікке барғаны анықталды.

Көлік иесі жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 80 мың теңге төледі.

Талапкер талап қоюды жауапкер жұмысты аяқтағаннан кейін автокөліктің талапкерге сапалы жөндеуден өткенін айтумен, бірақ бір аптадан кейін антифризді тұтыну пайда болумен, жауапкерге ақауларды түзету үшін үш ай бойы бірнеше рет келгендігімен, бірақ қызмет көрсету орталығының жұмыскерлері әртүрлі сылтау айтып жөндемеуімен уәждеді, – делінген хабарламада.

Жауапкер талап қоюшыға сапасыз жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін төленген ақша сомасын қайтарудан бас тартты. Көлік иесі жауапкерден жұмыс үшін төленген 80 мың теңгені, сатып алған қосалқы бөлшектері үшін 33 мың теңгені, сонымен қатар 500 мың теңге сомасында моральдық зиянды өндіруді сұрады.

Шағымданған шешіммен талап қою ішінара қанағаттандырылды: жауапкерден талапкердің пайдасына 80 мың теңге материалдық шығын, 40 мың теңге моральдық залал өндірілді, талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Апелляциялық шағымда жауапкер бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады, – делінген іс есебінде.

Бұл жағдайда жауапкер автокөлікті жөндеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ақауларды жою қажет болды.

Шағымдалған шешім өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы