Автобус жүргізушісі мас күйінде 40 жолаушыны тасымалдаған

10 Қараша 2024, 23:55
364
Бөлісу:
Автобус жүргізушісі мас күйінде 40 жолаушыны тасымалдаған
Фото: видеодан кадр

Мас күйінде 40 жолаушыны тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Астана - Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды, онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.

Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.

Өзгелердің жаңалығы