Австрияда жүк көлігіне қамалған мигранттар табылды

8 Сәуір 2023, 12:37
729
Бөлісу:
Австрияда жүк көлігіне қамалған мигранттар табылды
Фото: Reuters агенттігі

Австрияның оңтүстігіндегі Клагенфуртта жүк көлігінің тіркемесіне қамалған мигранттар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews агенттігінің мәлімдеуінше, үш тәулікке жуық қамауда болған 35 мигрантты қатты үсік шалған.

Польшалық нөмірі бар автокөлік демалыс аймағынан қарсы бағытқа бет алған. Тұраққа жөндеуге келген соң жұмысшылар арада біраз уақыт өткенде көліктің тіркемесінен дауыстарды естиді. Одан соң инфрақызыл камераны қолданған олар тіркеменің ішінен қозғалысты байқайды.

Тұрақтың жұмысшылары бірден полиция шақырған. Көлік жүргізушісі болған 68 жастағы Түркия азаматы қамауға алынды.

Бангладеш, Непал мен Мысырдан келген заңсыз мигранттар автокөлікте 70 сағат бойы қамауда болғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы