Австрияда оқушылар мінген пойыз өзенге құлады

9 Шілде 2021, 17:02
3618
Бөлісу:
Австрияда оқушылар мінген пойыз өзенге құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зальцбург федералды аумағында жолаушылар тасымалдайтын электр пойызы рельстен шығып, бір вагон Мура өзеніне құлады. Бұл туралы tass.ru жазды.

Құтқару жұмыстарымен айналысып жатқан «Қызыл крест» қоғамы басшысының айтуынша, оқиға салдарынан 17 оқушы зардап шекті.

Пойызда 54 оқушы болған. Оның 17-сі жеңіл жарақат алды. Пойыз жолаушыларының барлығы Австрия азаматтары, - деп нақтылады ол.

Оқиға орнына 30 құтқарушы, бір тікұшақ пен он жедел жәрдем көлігі келді. Тоғыз адам ауруханаға жеткізілген.

Электр пойызының рельстен шығуына теміржол тағанының ағаш тамыры немесе қолайсыз ауа райы салдарынан бүлінуі себеп болған деген болжам айтылды.

Өзгелердің жаңалығы