Австралияны су басты

8 Сәуір 2022, 21:30
1746
Бөлісу:
Австралияны су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның халқы ең көп шоғырланған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатын су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, тасқыннан 1 адам көз жұмды. Ер адам көлігінен шыға алмай, сумен бірге ағып кеткен. Аймақтағы өзендер арнасынан шығып, билік 2 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіз жаққа көшу туралы нұсқау берді. 

Естеріңізге сала кетейік, Австралияда жаңбыр бірнеше күннен бері құйып тұр. Жалпы соңғы 4 айда бұл елде жауын-шашынның бір жылдық мөлшері түскен. Синоптиктер қолайсыз нөсер әзірге басылмайды дейді.
 

Өзгелердің жаңалығы